Әртүрлі

Күзетшілер мен бухгалтерлер: Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің деректері бойынша Қазақстанда осы жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды. Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адам болады. Оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді. Сонымен қатар күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер еңбек нарығында ең танымал болып, жаппай сұраныста қала береді.

Сарапшының айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескере отырып, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны биыл 11,4 млн адамға (2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 98 мыңға өседі) жетеді.

Сондай-ақ болжамдарға сәйкес, жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады. Ал жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайды.

-->

Өңірлер бойынша неғұрлым елеулі жиынтық сұраныс жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру бойынша сұранысты ескергенде Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында орын алады. Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі, – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Сарапшының айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескере отырып, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны биыл 11,4 млн адамға (2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 98 мыңға өседі) жетеді.

Биыл жұмыс күшінің саны 9,2-9,3 млн адамды құрайды. Яғни жалпы өткен жылдың деңгейінде сақталады. Алайда, біздің болжамымызша, еліміздің үш ірі қаласында экономикалық белсенді халықтың жиынтық саны осы қалалардағы жастар үлесінің артуы салдарынан және көші-қон себептері бойынша 54 мың адамға өседі, – деді ол.