Банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды (ВИДЕО)
Агенттік мәліметінше, күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан бұрын келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.
Қостанай қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
-->Қостанай облысы қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті дебиторлар тізіліміне енгізілгені үшін компанияның банкрот жөніндегі басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан 100 миллион теңге мөлшерінде ақша талап еткенін анықтады, - делінген хабарламада.
Агенттік мәліметінше, күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан бұрын келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.
Қостанай қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Коммерциялық пара алу дерегі бойынша тергеу жалғасады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, - делінген хабарламада.