Әртүрлі

Дариға Бадықованың келіндер сайысы қашан өтеді

Актрисаның айтуынша, аталмыш сайысқа келін болып түскеніне 1-3 жыл болған келіншектер қатысады. Бадықова осы байқаудың арқасында келіндер салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жақсы меңгеріп кетсе деген тілек білдірді.

-->

Келіндер бәйгесін қашан өткізесіз деп сұрап жатқандар баршылық. Жас келіндердің салт-дәстүрді дәріптегісі келгендігі қуантады. Келіндер сайысын республикалық деңгейде өткізгім келіп отыр. Қазақстанның әр облысынан келіндерді қатыстыру ойда бар. Бәйгені өткіземін деген ішімдегі алып-ұшқан қалауым сейілер емес. Қазіргі таңда Тараз қаласымен келіссөз жүргізуге кірісіп жатырмын. «Мен қатысамын, мен қатысамын» деп жан-жақтан жазып жатқан келіндер өте көп. Қашан болады? деген хаттар да көп. Менің ойымша, наурыз айы деп жоспарлап отырмыз. Қатысамын деген келіндер болса қазірден бастап дайындала беріңіздер. Уақыт зымырауда. Бәйгеге түскеніне 1 жыл және 3 жыл болған келіндер қатыса алады. Неге жас келіндер деген сұрақ болуы мүмкін, себебі - тым әккі келіндер керек емес. Салт-дәстүрді жас келіндер көп біле бермейді. Үйрену үшін жас келіндердің қатысқаны дұрыс, – деп жазды актриса өзінің Instagram-парақшасында.