Әртүрлі

15 мыңнан астам өсімдік тектес есірткі бар бұталар тәркіленді

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің басшылығымен және өзара іс-қимыл жасайтын орган басшыларының, әскердің генералдары мен офицерлерінің қатысуымен Әскери кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің алқасында ел Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның қызметіне жоғары баға берген.

Ал өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов Мемлекет басшысының III Бүкілармиялық кеңесте берген тапсырмалары бойынша Ұлттық ұланда атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы мәлімдеді.

Осы орайда әскердің жедел қолдануға дайындығын арттыру мақсатында әскери қызметшілер екі жүзден астам бірлескен оқу-жаттығуларына қатысты. Оның ішінде ведомствоаралық топтар құрамындағы дағдарыс жағдайларына ден қою жөніндегі кешенді оқу-жаттығулар да бар.

Құқықтық тәртіп әскерлерінің бөлімшелері өзара іс-қимыл жасайтын органдармен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтуге, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және іздеу іс-шараларына да атсалысқан.

Өзара іс-қимыл жасайтын органдармен бірлесіп ауқымды арнайы 12 операция жүргізілді. 10 қылмыстық топ ұсталды, топтың 17 көшбасшысы мен 124 белсенді қатысушысы ұсталды. 

«Қарасора» іс-шараларын өткізу шеңберінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлермен бірге өсірілген қарасораның 19 егіс алқабы табылды, құрамында 15 мыңнан астам өсімдік тектес есірткі бар бұталар тәркіленді. 

-->

Бүгінде жауынгерлік қызмет атқаратын әскери қызметшілердің лауазымдарын толықтыру мәселелері өзекті болып отыр. Әрбір командир бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік әрекетін қамтамасыз ету үшін білікті кадрларды іріктеумен айналысуға тиіс. Бас штабқа, қолбасшыларға, әскери бөлімдердің командирлеріне бос лауазымдарды шұғыл түрде жасақтауды тапсырамын. Жеке құрам үшін қызметке қажетті жағдайларды жасап, қоғамда қызметтің тартымдылығын арттыру керек. Жергілікті атқарушы органдармен, қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелермен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет, - деді ІІМ басшысы.