Әртүрлі

«Дамудың жаңа жолына түседі»: Үндістандық көріпкел Қазақстан туралы болжам жасады (ВИДЕО)

Сондай-ақ көріпкел бұл кикілжіңнен соң Қазақстанда оң өзгерістер болатынын болжады.

Сұхбатты тамашалаған қазақстандықтар күні бүгінге дейін пікірлерін қалдыруда.

-->

Қазақстан – мүмкіндіктері мол ел. Бірақ мұнда көптеген нақты қадам қабылданбаған. Мемлекеттің энергиясы бір орында тұр, пайдаланылмай қалған. Ашу-ызаның энергиясын көріп тұрмын. Елдің дамуы үшін жасалуы керек дүниелер жасалмады. Жоғарыда айтып өткенімдей, бір орында тұрып қалған энергия көптеген қақтығыстарға жол ашады. Алдағы уақытта Қазақстаннан кикілжің, тәртіпсіздік жағдайларын көріп тұрмын. Мұның бәрі ескі энергияға байланысты. Жою, бұзу жайттары байқалады, – дейді Арчена.

Сондай-ақ көріпкел бұл кикілжіңнен соң Қазақстанда оң өзгерістер болатынын болжады.

Мен Қазақстанда өзгеріс басталатынын көріп тұрмын. Мемлекет белгілі бір өзгеру жолына түседі. Қазақстанда әртүрлі наразылықтар болады. Өкінішке қарай, елден өте үлкен жою, бұзу процестерін көріп тұрмын. Бұған көңіл-күйді түсірудің қажеті жоқ. Өйткені осы кезеңнен кейін ғана Қазақстан дамудың жаңа жолына түседі. Бұл халық үшін де, мемлекет үшін де ең маңызды сәт болмақ. Адамдар да мұны әртүрлі қабылдайды. Себебі дәл осы өтпелі кезең арқылы Қазақстан дамудың жаңа жолына келеді. Кез келген өтпелі кезеңнің халыққа қиын соғатыны анық. Бұл өзгерістерге қарсылық танытпау керек, керісінше, қуанған дұрыс. Әділеттік орнайды. Қазақстанда болатын осы бір оқиғадан кейін бәрі дұрысталады, – деді Арчена.

Сұхбатты тамашалаған қазақстандықтар күні бүгінге дейін пікірлерін қалдыруда.

«Бәрін дұрыс айтқан. Алла менің халқымды сақтасын», «Менің Қазақстаным гүлдене берсін. Болашақтан үміт көп!», «Қазақстанда тұрамын. Бәрі дұрыс айтылған», – деп жазды желі қолданушылары.