Жамбыл облысының тұрғыны 32,5 келі гашишті Қарағандыға пойызбен жеткізбек болған
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, күдікті қылмысқа дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау шаралары қолға алынды. Ал таңғы сағат 5:00-де күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Одан жол сөмкесі тәркіленді, оның ішінде 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет болған.
Ведомство тәркіленген гашиштің салмағы аса ірі мөлшерде екенін және оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті.
-->ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, күдікті қылмысқа дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау шаралары қолға алынды. Ал таңғы сағат 5:00-де күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Одан жол сөмкесі тәркіленді, оның ішінде 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет болған.
Ведомство тәркіленген гашиштің салмағы аса ірі мөлшерде екенін және оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті.