ҰҚШҰ әскері Қазақстан аумағынан толығымен шығарылды
Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайыновтың айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды.
-->Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайыновтың айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды.
Соңғы жеке құрам мен техника әуе кемесімен Алматыдан ұшып шықты. Қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. Елімізден ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару биыл 13 қаңтардан бастап Қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген мерзімде жүзеге асырылды, – деді О. Құсайынов.