Жамбылда терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады
Жамбыл облысы жедел штабының мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасып жатыр.
-->Жамбыл облысы жедел штабының мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасып жатыр.
Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады, - делінген хабарламада.