Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 670-тен астам адам қамаудан босатылды
ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазиннің мәліметінше, сот тағайындаған жазаларды жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сатыға 1 758 өтініш берген.
-->ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазиннің мәліметінше, сот тағайындаған жазаларды жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сатыға 1 758 өтініш берген.
Бүгінгі таңда 676 азамат прокурорлардың өтінішхаты бойынша қамаудан босатылды. 344 адамға салынуы тиіс айыппұл ескертуге ауыстырылды. Жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған прокурорлардың 738 өтініші қаралып жатыр, – деді А. Сарғазин.