Әртүрлі

Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2 748 адам ұсталды

Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 748 қатысушысы ұсталды. 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.

-->

Өткен тәулікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді, - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.