Әртүрлі

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы 2,6 мың адам қамалды

Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталды. 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.

-->

Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді, - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.