СҚО-да он күнде 5 егіз дүниеге келді
4 қаңтардан бастап облыста бесінші егіз дүниеге келіп отыр. Қалған жағдайларда жүкті келіншектер айы-күні жетіп, өмірге дені сау нәрестелерін әкелді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін перинаталдық орталықта егіз бала дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туғандарымен шақалақтардың да, анасының да жағдайлары жақсы.
-->4 қаңтардан бастап облыста бесінші егіз дүниеге келіп отыр. Қалған жағдайларда жүкті келіншектер айы-күні жетіп, өмірге дені сау нәрестелерін әкелді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін перинаталдық орталықта егіз бала дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туғандарымен шақалақтардың да, анасының да жағдайлары жақсы.
Бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің бірі саналатын біздің облыс үшін бұл – қуанышты жағдай. Демографиямыз жақсаруда. 2020 жылы өмірге 68 егіз, 1 үшем келген болатын. Ал былтыр 58 егіз және бір үшем туды. Жыл басынан бері 143 сәби дүние есігін ашса, соның оны – егіздер. Аналардың да, балаларының да жағдайлары жақсы, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.