2021 тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі деп танылды
Жыл басында ауа температурасы төмен болғанымен, 2021 соңғы он жылдықтағы рекорд жасаған жылдардың қатарына кірді. Бұл мерзім 125 мың жылдағы ең ыстық деп танылды.
Былтыр ғалымдар нақты шешім шығарды: ғаламшар жылынып келеді, ал оның басты себебі – адамның өзі. Бұл қорытындымен тек ғылыми қауымдастық қана емес, бүкіл әлемнің саясаткерлері де келіседі.
Олар бұған дейін парниктік газдардың шығарылуын азайтуды Париж келісімінде бекіткен еді. Ғасырдың ортасына дейін орташа температураны индустрияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда 1,5°С-тан асырмау үшін осындай шешімге келді.
Алайда бұл шек 2040 жылы, яғни жоспарлағаннан 10 жыл бұрын бұзылады деп ескертті ғалымдар. Ал келесі кезең - 2°С-қа жылыну, апатты нәтижемен қауіпті. Алдағы жиырма жылдықта ауаны түтінге толтыруды және орманды отауды жалғастырсақ, ол ғасырдың аяғына қарай келеді.
2021 жылы 1850-1900 жылдармен салыстырғанда ауа температурасы 1,1-1,2°C-қа жоғары болған.
Климаттың өзгеруі адамзат үшін қауіпті. Оның салдары табиғи катаклизмаларға, жаппай көшіп-қонуға, су басқан қалалар мен егістікке, сақтандыру компаниялары мен мемлекеттердің банкрот болуына апаруы мүмкін. Мыңдаған адам жаһандық жылынудың құрбаны болуы ықтимал.
Жалпы өткен жылдың алғашқы бес айы бұл ғасыр үшін салыстырмалы түрде салқын болды. Алайда маусым мен қазан айының аралығындағы температура климатты бақылау тарихында төртінші орыннан түскен жоқ.
-->
Қазіргі жағдайда климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізуді кейінге шегеруге болмайды, – деді Климатты бақылау бағдарламасының жетекшісі Марио Фаччини баспасөз конференциясында есеп беру кезінде.
Жыл басында ауа температурасы төмен болғанымен, 2021 соңғы он жылдықтағы рекорд жасаған жылдардың қатарына кірді. Бұл мерзім 125 мың жылдағы ең ыстық деп танылды.
Ғалымдар атмосферада парниктік газдардың жиналып қалуы және қалдықтардың есебінен, ғаламдық жылыну жалғаса береді деген сенімде. Адамзат қандай әрекет жасаса да, алдағы он жылдықта мұны өзгерте алмайды. Тек оның салдарын жұмсартуға болады, – деп ескертті былтыр Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым.