Әртүрлі

Қостанай облысында 650-ден астам тәртіп бұзушы қамауға алынды

-->

Қостанай облысында 650-ден астам адам ұсталды. 220 адамға қатысты әкімшілік сот болып жатыр. Бұл тұлғалар бестен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 269 бабы «Ғимарат, құрылыс, хабар және байланыс құралдарына шабуылдау немесе басып алу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу іс шаралары жүргізілгеннен кейін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып 7 ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков.