Әртүрлі

Кәрім Мәсімов қамауға алынды

-->

Осы жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сол күні осы қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.К. Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.