Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
-->
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Төлем жол жүру картасы арқылы жасалады. Ал Интернет байланысының шектеулігіне байланысты QR-кодпен төлем жасауда қиындықтар туындап отыр. Қоғамдық көлікте мұндай тәсіл арқылы төлем жасай алмаған жолаушылар сапарын одан ары жалғастыра алады, - деді CTS баспасөз қызметінің өкілі.