Елімізде бүгін ауа райы қандай болады
Суық антициклон бұрынғыдай шығыс пен солтүстіктің ауа райына әсер етеді, осыған орай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Нұр-Сұлтанда күндіз секундына 2-7 метр жел соғады, күндіз ауа температурасы 8-10 градус аязға дейін көтеріледі, түнде 15-17 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда қалыпты ауа райы болады, жел жылдамдығы секундына 5 метрден жоғары көтерілмейді, күндіз ауа температурасы 6-8 градусқа дейін жылы болады, түнде 3 градусқа дейін төмендейді.
Шымкентте күн жылы болады, күндіз 10-12 градусқа дейін жылынады, ал түнде термометр 1-3 градусқа дейін төмендейді. Секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 29 метрге жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында секундына 18 метрге дейін жел күшейіп, боран соғады, шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болса, Қызылорда облысының орталығында түнде, таңертең оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы аудандарында, тау бөктерінде тұман түседі.
-->Суық антициклон бұрынғыдай шығыс пен солтүстіктің ауа райына әсер етеді, осыған орай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.