Әртүрлі

Мұстафа Шоқай мұрасы қай мемлекеттерде сақтаулы

Өткен ғасырдың басында Ресей империясының құрамындағы Түр­кістан мен Далалық өлке – идеялар мен қозғалыстардың, саяси оқиғалар мен дәстүрлер қақтығысының және олардың өзара іс-қимылдарының ордасына айналғаны белгілі. 1917 жылы Түркістанның патшалық Ресейдің бұғауынан босауы, Ресейде Уақытша үкіметтің билік басына келуі халықтың санасына үлкен әсер етті. Түркістан тайталас алаңына айналды. Бір жағынан, патшалық Ресей өкілдері мен Уақытша өкімет мүшелері, большевиктер Түркістанда билік құрудан үміткер болса, екінші жағынан Ауғанстан патшалық Ресей жаулап алған жерлерді қайтаруды, Ұлыбритания қол астындағы Үндістан мен Месопотамияға Түркістан тарапынан кедергілер болмауын көздеді. Германия мен Түркия да басты қарсыласы Ұлыбританиядан қалыспай Түркістан жеріне қызығушылықтарын байқатты.

Халықтың болашағына алаңдаушылық білдірген, Алаш ардақтыларынан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және тағы басқа ұлт тәуелсіздігін аңсаған тұлғалар ел-жұртының рухын оятып, саяси ой-сананы орнықтыруға барынша күш салып бақты.

Мұстафа Шоқай, міне, осындай күрделі, қарама-қайшылығы мол кезеңде түркі халықтарын бір жерге шоғырландырып, біртұтас Түркістан мемлекетін құруды мақсат етті. Сол мақсатына өмір бойы адал болып өтті. Бұл үшін тіпті, ол елінен жыраққа кетіп, Түркістанның азаттығы мен тұтастығы үшін халыққа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсете білді. Оның есімі ел тәуелсіздігімен бірге оралды. Азаттық аңсаған алыстағы арыстың арман-ойы осылайша араға қаншама жылдар салып шындыққа айналғаны сол ерлердің еңбектерінің еш кетпеуінің, кешегі Алаш рухының өлмеуінің тағы бір айғағы іспетті.

Қайраткердің қалың мұрасы еліне оралды, шетелдерден жинастырылды. Мұстафа Шоқай мұралары тағдыр жазуымен өз Отанынан жырақта жиналды. Оның жеке мұрағатын «Жаңа Сорбонна – Париж III» университеті жанындағы университетаралық шығыс тілдері және өркениеті институтының кітапханасына жары Мария 1953 жылы өткізген. Осынау мұрағаттық қор жөнінде алғаш «Түркістан» журналында Ә.Оқтайдың «М.Шоқайдың мұрағаты мен кітаптары» деген мақала жарық көрді. Бұдан соң 1980 жылы араға біраз жыл салып Нью-Орлеан университетінің (АҚШ) профессоры Э.Лаззерини М.Шоқай қорын мазмұнына қарай он қорапқа жүйелеп салғаны мәлім.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы істері жөніндегі ұлттық комиссияның сол кездегі төрағасы Иманғали Тасмағамбетов осы ұйымның атқарушы кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Парижге барған сапарында Француз Республикасының Шығыс тілдері және өркениеті ұлттық институтының ректоры Жил Делушпен жолығып, сондағы «Жаңа Сорбонна – Париж III» университеті жанындағы университетаралық шығыс тілдері және өркениеті институтының кітапханасында сақтаулы тұрған М.Шоқай мұраларын елге қайтару жөнінде келіссөздер жүргізді.

Үкіметаралық келісімшарттан кейін іле-шала Мұстафа Шоқай архивіндегі құжаттарды реттес­тіріп, көшірмесіне тапсырыс жасау үшін сарапшы маман ретінде маған жауапкершілік жүктелді. 2001 жылы шілдеде Парижге аттандым. Кезінде Мария Шоқай кітапханаға тапсырған он папкадағы құжаттарды хронологиялық, тақырыптық жағынан жүйе­леп шықтым. Мұнан кейін өз тарапымыздан тапсырыс беріліп, микрофильмге түсірілді. Тәуел­сіздіктің он жылдығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев өз қолымен осы жұмысты Архив қызметі басшысының қолына тапсырды.

Париждегі университетаралық кітапханада М.Шоқайдың мынадай құжаттары сақталған:

1) Мұстафа Шоқайдың «Иеңи Түркістан», «Яш Түркістан» журналдарында, «Горец», «Вольный горец» және Парижде шығып тұрған орыс эмигранттарының «Дни», «Последние новости» газеттерінде, т.б. баспасөз беттерінде, шетел басылымдарында француз, поляк, түрік т.б. тілдерде жарияланған мақалалары мен еңбектері (газет қиындылары, кейбірінің қолжазбалары да бар), үш өлеңінің қолжазбасы (1919-1940);

2) Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан республикаларының газет-журналдары мен «Извес­тия», «Правда» газеттерінен жинаған ақпарат-конспект (1930-1939) дәптерлері және Кеңес Одағы мен жоғарыда аталған республикалардың орталық ресми басылымдарынан алынған газет қиындылары;

3) Әскери тұтқындардың тізімі, тілхаттары, М.Шоқайдың Вали Каюмханға тұтқындардың халі, түркістандықтармен кездесуі жөнінде жазған хаты (1941);

4) Кеңес Одағынан кеткен эмигранттардың өмірі мен қызметіне қатысты эмиграциядағы түрлі партиялар мен ұйымдар туралы материалдар (1920-1940);

5) Украина, Кавказ, Еділ-Орал және Түркістан халықтарының ұлтты құтқару күресіне қатысты материалдар (1920-1940 жж.);

6) М.Шоқайға М.Мұхити, Т.Шағатай, А.Оқтай, ­А.Исхаки, В.Каюм, С.Бахтияр, М.Ибрагимов, Искандер, М.Шамсуллах, Ж.Акшора, А.Топшыбашы, ­И.Акунин, В.А.Чайкин, ­Е.П.Гегечкори, М.Векилли т.б. келген хаттар, ішінара жауап хаттардың көшірмелері сақталған (1923-1941);

7) Кеңестік билік, оның қыз­меті, ондағы болып жатқан реформалар жөнінде жер-жерден түскен мәліметтер, баспасөз беттерінде араб, урду, поляк, ағылшын, түрік т.б. тілдерде жарияланған материалдар;

8) Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, сол кездегі жер-жердегі саяси ахуал, қалыптасқан көзқарастар жөніндегі материалдар (1939-1941);

9) М.Шоқай және оның қыз­меті, шыққан кітабы жөнінде жазылған пікірлер, мақалалар, естеліктер.

Қазақстанның Ұлттық архив қорына М.Шоқайдың Франция архивімен қатар, 2003-2005 жылдары Ресей, Өзбекстан, Башқұртстан мемлекеттік архивтеріндегі деректер де жинақталды.

Санкт-Петербург қаласының тарихи архивіндегі Санкт-Петербург университетінің қорында М.Шоқайдың жеке ісі сақталған. Оның алғашқы парағы Мұстафаның университет ректоры атына оқуға қабылдауды сұраған өтінішпен басталады. Құжат жиегіне 1910 жылдың 30 маусымында құжат қаралғанын, осы жылдың 6 шілдесінде студент қатарына қабылданғаны туралы жазылған. Іске М.Шоқайдың сынақ кітапшасы, университетте оқыған кездегі төлеген жарналарының түбіртектері қоса жалғанған. 1914 жылғы 15 қыркүйектегі заң факультеті деканына Санкт-Петербург университетінің толық курсын аяқтағаны, соған байланысты оқу бітіргені туралы куәлікті сұраған өтінішінде өзі тұратын мекенжайын көрсетеді – «Петроград. Провиантская 10, кв. 25». Өтініш арнайы бланкіде жазылған, онда оқу бітіргені жөніндегі куәлікті арыз берген соң екі апта ішінде алу керектігі және куәлік алған соң Санкт-Петербург қаласында тұруға берілген рұқсат қағазды қайтару тиістігі ескертілген. Сондай-ақ бұл істе Ташкент ерлер гимназиясын бітіргені туралы кәмелеттік аттестат, сол қалада түсірілген М.Шоқайдың екі фотосуреті сақталған.

Мәскеудегі Ресейдің әскери тарихи архивінен де Түркістан ұлттық бірлігінің қызметіне қатысты біршама тың мағлұматтар табылып, жекелеген құжаттардың көшірмелері елімізге оралды. М.Шоқай мұрағатын толықтыру мақсатында сол кезеңдегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің ұйымдастыруымен 2004 жылы демеушілер қаржысына ұлыбританиялық коллекционер М.Басхановтан «Яш Түркістан» журналының 1931-1936 жылдар аралығындағы 67 түпнұсқа нөмірі сатып алынса, түркиялық отандасымыз, тарихшы ғалым Әбдуақап Қара 1927-1931 жылдар аралығындағы «Иеңи Түркістан» журналының толық нұсқасының көшірмелерін сыйлады.

2005-2007 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Германия мұрағаттарындағы деректердің біршамасы анықталды. Польшаның жаңа актілер мұрағатынан «Прометей» Лигасының жекелеген құжаттарының көшірмесі алынды.

Түрксойдың қолдау көрсетуімен 2010 жылы Мұстафа хаттарының Түркиядан табылған түпнұсқалары, Тахир Шағатайдың жеке архивінен алынған 84 хаты мен бірнеше қолжазбаларын Мұзафар Ақшора деген азамат Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архив қорына тапсырды.

Бұл құжаттар М.Шоқайдың шәкірті Тахир Шағатайдың қолында сақталған, 1978 жылы осы Мұзафер Ақшораның қолына түскен екен. Бұл хаттардың ішінде М.Шоқайдың Грузияның бірінші премьер-министрі Ной Виссарионович Рамишвилимен, Санкт-Петербургте қатар оқыған осетин, Франциядағы Солтүстік Кавказ комитетінің өкілеттігінің басшысы, Максим Горькийдің жақын досы Тамби-бей Элекхотимен, грузин социал-демократтарының жетекшісі Ной Николаевич Жордания, Украина Халық Рес­публикасының сыртқы істер министрі (1917, наурыз – 1918, сәуір) Александр Яковлевич Шульгин, Польша Сыртқы істер министрлігі Шығыс бөлімінің бастығы Тадеуш Голувко, Грузин ұлттық-демократиялық партиясы жетекшілерінің бірі, «Прометей» журналының бас редакторы (1926-1938) Георгий Бежанович Гвазава, әзербайжан ұлттық қозғалысының жетекшісі Мир-Якуб Мехтиев және т.б. жазысқан хаттары бар.

2011 жылы Польша Республикасының Қорғаныс минис­трлігіне қарасты Болеслав Валигори атындағы Орталық әскери архивтен «Прометей» Лигасының қызметі, жекелеген ұлттық эмигранттық ұйымдар шығарған газет-журналдар туралы, сондай-ақ Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы қызметіне байланысты тың деректер табылды. Бұл архивтен алынған 600 парақ құжат Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің қорына тапсырылды.

Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізуге бағытталған «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы аясында мемлекеттік архив қызметкерлері Білім және ғылым министрлігінің «Ұлы дала тарихы мен мәдениетіне қатысты шетелдік мұрағаттар мен қорлардағы архео­логиялық жұмыстар (анықтау, талдау, цифрландыру)» жобасы аясында жұмыс барысында да М.Шоқайдың өмір тарихына қатысты материалдар алып келгені белгілі.

Франция, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Польша, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мұрағаттары мен кітапханаларының қорларындағы М.Шоқай мұралары орыс, ағылшын, француз, неміс, поляк, түрік, әзербайжан, қазақ, өзбек және т.б. тілдерде сақтаулы. Оның өміріне, саяси тұлғасы мен еңбектеріне қатысты ғылыми зерттеулер жазылып, шығармаларының жарық көруі тарих қатпарларынан көп сыр ақтарады.

Мұстафа Шоқай тұлғасы туралы қалыптасқан түрлі жаңсақ пікірлер мен бұрмалау­шылықтарға тосқауыл қойылып, нақты деректер негізінде құжаттар жинақтары шықты, құнды зерттеу еңбектері жазылды. Белгілі ғалымдар, жазушылар Әнуар Әлімжанов, Қалдарбек Найманбаев, Мырзатай ­Жолдасбеков, Оразбек Сәрсенбаев, Хасан Оралтай, Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Бүркіт Аяған, Бейбіт Қойшыбаев, Әбу Тәкенов, Айтан Нүсіпхан, Хамза Абдуллин және т.б. Мұстафа Шоқай тұлғасын танытуға алғашқылардың қатарында еңбектенді.

1929 жылдан 1939 жылға дейін Германияда басылған «Яш Түркістан» журналындағы мақалалары жинақталып, алғаш рет 1998-1999 жылдары М.Шоқайдың екі томдық шығармалары жинағына енді. 2007 жылы осы басылым толықтырылып үш томдық болып қайта басылды.

Осы жолдар авторының құрас­тыруымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылы 2-томдық «Мұстафа Шоқай. Эпистолярлық мұрасы» (ғылыми жетекші К.Есмағамбетов), 2011 жылы «М.Шокай. Туркестан – наша общая колыбель», 2021 жылы «В эмиграции: Эпистолярное наследие Мустафы Шокая. 1919-1941» (Ғылыми редакторы Г.К.Көкебаева) жинақтары жарияланды. 2012-2014 жылдары ­К.Ес­мағамбетовтің құрастыруымен Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдық толық жинағы жарық көрді.

Мұстафа Шоқайдың өмірі, сая­си қызметі мен шығармашылық мұрасына қатысты арнайы зерттеу еңбектер 2002 жылы Бақыт Садықованың «История Туркестанского легиона в документах» және 2009 жылы ­«Мустафа Шокай в эмиграции», 2004 жылы Абдуақап Қараның қазақ тілінде «Мұстафа Шоқай: өмірі, қызметі, шығармашылығы», 2007 жылы Дархан Қыдыралиевтің «Мұстафа Шоқай», т.б. кітап, монографиялар оқырмандар қолына тиді.

К.Л.Есмағамбетовтің 2008 жылы шыққан «Әлем таныған тұлға» атты монографиясы Мұстафа Шоқай болмысын, тұлғасын таныта білген іргелі еңбек болды. Осылайша бүгінде Шоқайтану ғылымы қалыптасты. Тәуелсіздік жылдарында ­М.Шоқай туралы көркем шығармалар, кинофильмдер дүниеге келді, ескерткіштер орнатылып, көшелерге, енді, міне, мектепке аты беріліп жатыр.

Талай елдің тілін білген, телегей теңіз білім иесі, әрі қаламы қолынан түспей күн сайын өнімді еңбек еткен Мұстафа Шоқайдың жеке құжаттары тарихымыздың талай ақтаңдақтарын қайта қарауға, таным-түсінігімізге тағы да тыңнан арналар салуға көмектесері анық. Оның мұрасы – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ құндылық.

Ғазиза ИСАХАН,

архивтанушы,

шоқайтанушы

astana-akshamy.kz

-->

Мұстафа Шоқай мұралары тағдыр жазуымен өз Отанынан жырақта жиналды. Оның жеке мұрағатын «Жаңа Сорбонна – Париж III» университеті жанындағы университетаралық шығыс тілдері және өркениеті институтының кітапханасына жары Мария 1953 жылы өткізген. Осынау мұрағаттық қор жөнінде алғаш «Түркістан» журналында Ә.Оқтайдың «М.Шоқайдың мұрағаты мен кітаптары» деген мақала жарық көрді.

Франция, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Польша, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мұрағаттары мен кітапханаларының қорларындағы М.Шоқай мұралары орыс, ағылшын, француз, неміс, поляк, түрік, әзербайжан, қазақ, өзбек және т.б. тілдерде сақтаулы.