Әртүрлі

Қазақстанда «Отбасы банк» статусы өзгереді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты.

Холдинг басшысы тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында «Отбасы банк» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын жеткізді. 

Оның айтуынша, сондай-ақ «Отбасы банк» облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 2-5 пайыз болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған уақыты 2022 жылдың 1 тоқсаны.

Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бағыты бойынша бүгінгі таңда 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 триллион теңгеге 73 мың жеңілдетілген несие беріліп, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 150 миллиард теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілген.

-->

Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Сонымен қатар екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарланып отыр, - деді Айдар Әріпханов.