Электр энергиясы тапшылығын болдырмау үшін АЭС салу керек – министр
Оның айтуынша, АЭС құрылысында заманауи қауіпсіз технологиялар қолданылады. Бүгінде әлем бойынша 249 атом блогы жұмыс істеп тұр, сондай-ақ 150-ден астам жаңа блок салынуда.
-->Жалпы электр энергиясын өндіру жолдары көп емес, баламалы энергия – күн, жел энергия көздері. Бірақ олар электр қуатымен тұрақты түрде қамтамасыз ете алмайды. Күндіз энергия бар, кешке жоқ. Жел де солай. Электр қуатын алудың тағы бір жолы газ электр станциясын салу. Алайда елімізде мол газ қоры жоқ. Біз мұнайлы елміз, бірақ газды ел емеспіз. Көпжылдық стратегиямызда газ электр станцияларын салуға мүмкіндік жоқ. Әлемде көптеген мемлекеттер көмір станцияларын салудан бас тартуда. Қазіргі үрдіс сондай. Оған халықаралық қаражат та бөлінбейді, оның үстіне қажетті құрал-жабдықтар, атап айтқанда турбиналар, қазандықтар шығарылмайды. Оны шығаратын 2-3 ел ғана қалды. Басқа елдер бұл жұмысты тоқтатты. Сонда атом станциясы ғана қалады, - деді М.Мырзағалиев.
Оның айтуынша, АЭС құрылысында заманауи қауіпсіз технологиялар қолданылады. Бүгінде әлем бойынша 249 атом блогы жұмыс істеп тұр, сондай-ақ 150-ден астам жаңа блок салынуда.