Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі
Жандос Бүркітбаев эпидемиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон” штамы таралуының жоғары қарқыны екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.
Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.
Аталған норма 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмекші.
-->Жандос Бүркітбаев эпидемиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон” штамы таралуының жоғары қарқыны екенін айтты.
30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың омикрон штамы 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. Омикрон штамының таралу коэффициенті жоғары – 1:5-ке тең, сондай-ақ штамды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады, – деді Ж.Бүркітбаев.