Балабақша бюджетінен 54 млн теңге жымқырған қызметкер сотталды
Ведомство мәліметінше, «Qamqor» жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы қызметкерінің ақша жымқыру дерегін анықтаған.
Айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ 18 миллион теңге мөлшерінде келтірілген шығынның бір бөлігі өтелгені айтылды.
-->Ведомство мәліметінше, «Qamqor» жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы қызметкерінің ақша жымқыру дерегін анықтаған.
«Тергеу барысында балабақшаның бюджетіне жауапты қызметкер Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдары аралығында «Қазақстан халық банк» АҚ-тағы есепшотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», – делінген хабарламада.
Айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ 18 миллион теңге мөлшерінде келтірілген шығынның бір бөлігі өтелгені айтылды.