Әртүрлі

Жасанды шырша денсаулыққа қауіпті – дәрігер

Дәрігер аллергиясы бар адамдар шыршаны орнату алдында оны жуып, құрғатуы керек екенін айтты.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бөлмені жиі желдетіп, шыршаға жақындамау және ұстамау керек. Жасанды ағашты сатып алғанда, сертификаттарды сұрап, оның құрамын зерттеу қажет. Маманның сөзіне қарағанда, шырша әшекейлері де аллергия тудыруы мүмкін, сондықтан иісі күшті ойыншықтарды таңдауға болмайды.

Сонымен қатар ол мерекелік үстелде де аллергендердің көп екенін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, аллергендер тізіміне теңіз өнімдері де кіреді.

-->

Дәрігер аллергиясы бар адамдар шыршаны орнату алдында оны жуып, құрғатуы керек екенін айтты.

Жаңа жыл, өкінішке қарай, аллергиямен ауыратындар үшін қиын уақыт. Өйткені, барлық дәстүрлі атрибуттар аллергия тудыруы мүмкін. Шырша және басқа да қылқан жапырақты өсімдіктер.Мұның себебі тозаңда, шайыр мен эфир майларында болады. Синтетикалық шыршалар аллергияны одан да жиі тудырады, өйткені бәрі бірдей сапалы және қауіпсіз материалдардан жасалмайды. Егер ағаш бір жыл бойы өте тығыз сақталмаса, онда шаң да, шаң кенелері де өосылады, – деді Андрей Тяжельников.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бөлмені жиі желдетіп, шыршаға жақындамау және ұстамау керек. Жасанды ағашты сатып алғанда, сертификаттарды сұрап, оның құрамын зерттеу қажет. Маманның сөзіне қарағанда, шырша әшекейлері де аллергия тудыруы мүмкін, сондықтан иісі күшті ойыншықтарды таңдауға болмайды.

Сонымен қатар ол мерекелік үстелде де аллергендердің көп екенін атап өтті.

Цитрустық жемістер тізімде бірінші орында тұр. Кеңес заманынан бері оларды жаңа жылға қораптармен сатып алу дәстүрі пайда болды. Аллергия ананас пен жидектерден туындайды. Келесі – жаңғақтар, шоколад, какао. Дәстүр бойынша, жаңа жылдық дастарханға көптеген салаттар дайындалады. Жұмыртқа мен тауық сияқты танымал ингредиенттер де аллергия тудыруы мүмкін, – деді Андрей Тяжельников.

Дәрігердің айтуынша, аллергендер тізіміне теңіз өнімдері де кіреді.

Мен жаңажылдық мәзірді мұқият таңдауға кеңес беремін. Егер дайын тағам сатып алынса, онда құрамын мұқият зерделеу керек, – деді маман.