Қазақстандағы 41 университет лицензиясынан айырылды
Мұнымен қоса министр тексеру кезінде қай мәселеге назар аударылатынын жоғары оқу орындары жақсы білетінін айтты.
Сондықтан осындай университеттерді бірінші рет тексергеннен кейін қандай кемшіліктер бар екенін айтып, оны түзетуге уақыт беріледі деп отыр.
-->“Бізде «қара тізім» деген жоқ. Жалпы, «министрлік бір тізімді жасап, мыналар тізімге кірді, енді осылар жабылуы керек» деген түсінік те жоқ. Себебі бізде тәуекелдерді анықтайтын арнайы жүйе бар. Жыл сайын осы жүйе бойынша қай университет сапаны бермей жатқанын қараймыз. Бізде ұлттық электронды база бар, сол базаға әр университет өздерінің дербес көрсеткіштерін жазып береді. Оны біз жазбаймыз. Біз тек қана сол көрсеткіштерді зерделеп қараймыз. Осы нәтижелерді назарға алып, тәуекелдер бар екенін білгеннен кейін, оны арнайы тексеру үшін тіркеуден өтеміз. «Біз тіркеп қойдық, келесі жылы мына университеттер тексеруден өтеді» деп алдын ала жариялаймыз. Ешкім де тосыннан келіп, тексеру жүргізбейді”, - деді ведомство басшысы.
Мұнымен қоса министр тексеру кезінде қай мәселеге назар аударылатынын жоғары оқу орындары жақсы білетінін айтты.
“Бұл ретте прфессорлық-оқытушылар құрамының, оқулықтардың, тиісті компьютерлердің, білім сапасының, жатақхананың болуы сияқты талаптарға екпін қойылады. Биылдан бастап ең басты талаптың арасына балалардың білімі сапасын анықтау үшін тиісті тестілеу өткізуді енгіздік. Мұның алдында тестілеусіз әр түрлі жай ғана көрсеткіштерден зерттейтін. Сонда университеттер «ең бастысы материалдық базаға емес, біздегі білім сапасына қараңыздар» деп айтатын. Осыны ескеріп, білім сапасын енгіздік. Тиісті бағыттар бойынша балалардың білімдерін тексереміз. Біз жапқан университеттерде өздері өтіп, емтихан тапсырған пәндерден білімін дәлелдей алмай отыр. Бұл жағдай - біз үшін өте үлкен сигнал”, - деді Аймағамбетов.
Сондықтан осындай университеттерді бірінші рет тексергеннен кейін қандай кемшіліктер бар екенін айтып, оны түзетуге уақыт беріледі деп отыр.
“Алдын ала ескертіп, екінші тексеруге барамыз. Үшінші тексеруге дейін тағы уақыт береміз. Одан соң тиісті шешім аясында лицензиясынан айырып, сотқа жүгініп, шара қолданылады. Осы бағытта 41 университеттен 500 лицензияны қайтарып алдық, яғни олар тиісті білім беру сапасын қамтамасыз ете алмады. Ал толығымен бізде 15 университет жабылды. Осында оқыған 100 мыңнан астам студент басқа оқу орындарына ауысты”, - деді министр.