Елорда мектептеріне есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарын контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Күдіктілер тыйым салынған заттардың сатылымын анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізіп, Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы ақша алып отырған.
Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.
Бес күдіктіге ҚР ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі (айналыстан шығарылған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 297-бабының 3-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандар екі айға тергеу изоляторына қамалды, тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
-->Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарын контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шет елдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілген. Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтарының, мектептерінің, ауруханаларының, мектепке дейінгі мекемелердің аумағында «жер астындағы зат» түрінде таратылды, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агентігі.
Күдіктілер тыйым салынған заттардың сатылымын анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізіп, Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы ақша алып отырған.
Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары, - деп атап өтті ведомствода.
Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.
Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі зат – мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды. Тәркіленген есірткі 7 келіден астам марихуана мен мефедрон, - деп хабарлады агенттіктен.