«5 мың теңге?»: Аю мен ит етін сатып жатқандар жұрттың ашуын келтірді
Бұл туралы хабарлама Telegram-арналарының бірінде пайда болды.
Olx.kz онлайн платформасында жақында Гүлжан атты фермер Талғар қорығынан тірі аю мен қаңғыбас иттерді етке сататыны туралы хабарлама жариялады.
Аю бағасы 200 мың теңгеге белгіленген.
Автор “баға” деген жерге 5 мың теңге деп белгілеген. Қазіргі уақытта сайттағы жарнамалар өшірілген. Хабарландырулар жойылғанымен, бірақ Instagram қолданушылары жазбаларды скриндеп үлгерген.
Сондай-ақ қазақстандықтар бұл туралы Алматы Полиция департаментіне хабарлап, аталған факті бойынша тексеру ұйымдастыруға уәде берген. Кейін Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбідрахманов тексеру басталғанын хабарлады.
-->Бұл туралы хабарлама Telegram-арналарының бірінде пайда болды.
Olx.kz онлайн платформасында жақында Гүлжан атты фермер Талғар қорығынан тірі аю мен қаңғыбас иттерді етке сататыны туралы хабарлама жариялады.
Талғар қорығынан аю сатамыз, барлық құжаттар бар. Ет кесіп сату үшін жақсы. Фермер Гүлжан, - делінген хабарламада.
Аю бағасы 200 мың теңгеге белгіленген.
Қаңғыбас иттерді етке, майға және т.б. сатамыз. Үйсіз иттер клубы иттерді етке, майға арзан бағамен сатады. Біздің ветеринарға хабарласыңыз, - делінген екінші хабарламада.