Өзбекстандықтарға арықтаған әр килограмм үшін 46 доллар берілетін болды
Өңір әкімшілігінің басшысы Хайрулло Бозоровтың айтуынша, артық салмағы бар тұрғындар егер бір жылда кемінде бес келіден тастаса, онда оларға 500 мың сумнан (20 мың теңге) беріледі. Бұл шешім салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде іске асырылуда.
“Аудандар мен қалаларда бөлек комиссия құрылады. Айталық, бүгін бір адам емханаға барып, тіркеуден өтеді, оның салмағы шамамен 100-150 келі болады. Егер жарты жылдан соң бес келіге арықтай алса, онда біз 2,5 млн сум (100 мың теңге) береміз, яғни әр килограмға – 500 мың теңгеден”, – деді ол.
Бағдарлама “Ферғаналық эксперимент” деп аталады. Оған қатысқысы келетіндер емханаға барып, тіркеуден өтіп, салмағын өлшетуі тиіс. Жарты жылдан соң қайта өлшенеді.
-->Өңір әкімшілігінің басшысы Хайрулло Бозоровтың айтуынша, артық салмағы бар тұрғындар егер бір жылда кемінде бес келіден тастаса, онда оларға 500 мың сумнан (20 мың теңге) беріледі. Бұл шешім салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде іске асырылуда.