Әртүрлі

Елорда қайтадан «сары» аймаққа оралуы мүмкін

Ведомствоның хабарлауынша, астана 15 желтоқсаннан бері "жасыл" аймақта тұр. Алайда бүгінде Нұр-Сұлтанда Rt репродуктивті саны - 0,993-ге жеткен. Бұл көрсеткіш 1,0-ден асып кетсе, қала қайтадан "сары" аймаққа оралады.

Нұр-Сұлтан 7 күннен бері "жасыл" аймақта тұр. Осыған байланысты қала билігі карантин шараларын тағы да жеңілдетуі керек еді. Алайда билік өкілдері елордадағы эпидемиологиялық ахуалды тағы бақылап көрмек. Егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайса, карантин жеңілдетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты 2022 жылдың қаңтар айына арналған болжамын ұсынған еді. 

-->

17 желтоқсанда коронавирус жұқтырған 532 адам, 18 желтоқсанда 536 адам, 19 желтоқсанда 521 адам, 20 желтоқсанда 545 адам, 21 желтоқсанда 552 адам тіркелді. Ауру жұқтырғандар санының көбейгені байқалады, салдарынан Rt санда өсіп жатыр, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан 7 күннен бері "жасыл" аймақта тұр. Осыған байланысты қала билігі карантин шараларын тағы да жеңілдетуі керек еді. Алайда билік өкілдері елордадағы эпидемиологиялық ахуалды тағы бақылап көрмек. Егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайса, карантин жеңілдетіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әдеттегідей маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, жаппай іс-шараларға бармауға шақырады, - деп қосты ведомство.