Коронавирустың қазақстандық штаммы пайда болуы мүмкін
Комитет төрағасының сөзіне қарағанда, вирустар мутацияға бейім келеді.
-->Жаңа штаммның пайда болу ықтималдығын ешкім жоққа шығармайды. Коронавирус соңғы екі жылдан бері мутацияға ұшырап келеді. Оның үнемі мутациялануына біз де үлес қосып жатырмыз. Егер де барлығы бір уақытта вакцина салдырса, қорған қойса... Вакциналау процесі неғұрлым ұзақ болған сайын, вирус түрлі мутацияға ұшырай береді, - деді ол.
Комитет төрағасының сөзіне қарағанда, вирустар мутацияға бейім келеді.
Ал біз вакцина салмай немесе ревакциналаудан өтпей, оған мүмкіндік береміз. Яғни мутациялану ықтималдығы әрқашан бар. Мемлекеттердің бірінде мутацияланса, мысалы, үнді штаммы болды, бізде де пайда болуы мүмкін, - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.