Әртүрлі

Биыл әлемде 3,3 млн адам коронавирустан қайтыс болған

ДДСҰ мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсандағы жағдай бойынша әлемде коронавирустық инфекцияның 271 963 258 расталған жағдайы тіркелсе, 5 331 019 адам қайтыс болды.

-->

Қазір омикрон дельта нұсқасына қарағанда тезірек таралатыны және COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған немесе емделген адамдардың қайта жұқтыруы мүмкін екені туралы дәйекті дәлелдер бар. Биыл COVID-19-дан 3,3 миллионнан астам адам қайтыс болды. Бұл АИТВ, безгек және туберкулезден 2020 жылы тіркелген өлім-жітімнен де көп. COVID-19-дан қазір апта сайын 50 мыңға жуық адам көз жұмады, – деді ДДСҰ басшысы.

ДДСҰ мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсандағы жағдай бойынша әлемде коронавирустық инфекцияның 271 963 258 расталған жағдайы тіркелсе, 5 331 019 адам қайтыс болды.