Сегіз жыл күткен қоныстой: Елордада үлескерлерге пәтер кілті табысталды
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары «Елорда Құрылыс» компаниясының қатысуымен аяқталған.
Айболат Ермұханбетов бүгін қоныстойын тойлауда. Тұрғын пәтер кілтін жылдап күткен.
-->Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары «Елорда Құрылыс» компаниясының қатысуымен аяқталған.
«400-ге жуық отбасы пәтер кілттеріне ие болды. Олар бұл шараны 2011 жылдан бері күтіп келді. Құрылысты аяқтау үшін құрылыс компаниялары, әкімдік пен мемлекет атсалысты. Аталмыш объект үлескерлеріне денсаулық, бақыт, шаңырақтарына шаттық тілегім келеді», - деді «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС Басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.
Айболат Ермұханбетов бүгін қоныстойын тойлауда. Тұрғын пәтер кілтін жылдап күткен.
«Мен өте қуаныштымын. Бүгін кілтімізді алдық. Ауызбіршіліктің арқасында, адамгершіліктің арқасында біз осындай нәтижеге жеттік. Сегіз жыл біз пәтер кілтін күттік», - деді Айболат Ермұханбетов.