Әртүрлі

Нұр-Сұлтанда «Тең қоғам» балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Жоба Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Бақытты шаңырақ» қорының аясында жүзеге асырылды. Соның арқасында орталық мамандары кәсіби дайындықтан өтіп, енді орталыққа келушілерді сапалы білім беру және оңалту қызметтерімен жоғары деңгейде қамтамасыз ете алады. 

Орталықты ашудың маңыздылығын ата-аналардың өздері де атап өтеді. Олардың көпшілігі үшін бұл орталықтың көмегі зор, өйткені мұнда балалар логопедпен, психологтармен тегін жұмыс жасап, сауықтыру массажынан, физиотерапиялық жаттығулардан өтіп, Монтессори әдісі бойынша білім алады.

Орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.

-->

«Біздің «Тең қоғам» орталығы мүгедек балалары бар отбасыларына арнайы ашылды. Бізде логопед, ағылшын тілі, қазақ тілін үйрететін білікті мамандар бар. Сонымен қатар, орталықта 8  көмекші тағайындалған. Олар әр отбасының жағдайын біліп, үйлеріне барып тұрады. Біз жаңа туған сәбимен 18 жас аралығындағы балаларға көмектесеміз», - деді «Тең қоғам балалар» орталығының басшысы Салтанат Ракишева.

Орталықты ашудың маңыздылығын ата-аналардың өздері де атап өтеді. Олардың көпшілігі үшін бұл орталықтың көмегі зор, өйткені мұнда балалар логопедпен, психологтармен тегін жұмыс жасап, сауықтыру массажынан, физиотерапиялық жаттығулардан өтіп, Монтессори әдісі бойынша білім алады.

Орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.

«Тәуелсіздік күні құтты болсын. Ата-аналарды, балалар мен сәбилерді қастерлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елордалық әкімшілік тарапынан әрдайым қолдауға дайынбыз. Ең алдымен еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. 30 жылда талай жетістікке жеттік. Бірақ өзекті мәселелер аз емес. Сондықтан оның  шешу жолдарын бірлесе қарап, ойдағыдай, ақ көңілмен ұйымдастырамыз деген ниетіміз бар. Әр отбасына зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, сарқылмайтын сәттілік, таусылмайтын бақ тілеймін», - деді Асхат Оралов.