Әртүрлі

Elorda Aqparat тілшісі журналистер байқауының жүлдегері атанды

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған журналистер арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялады. Кәсіби қазылар алқасы байқауға келіп түскен 70-тен астам өтінімдердің ішінен үздіктерді анықтап, бүгін компанияның бас қаржы директоры Асхат Өзбеков жеңімпаздарды құттықтап, қаржылық сыйақыларын табыс етті. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шығармашылық байқауға қазақ және орыс тіліндегі жұмыстарды қабылдау биыл 28 маусым – 30 қараша аралығында жүргізілді. Байқауға кез-келген БАҚ қызметкеріне меншік нысанына және материалдарды ұсыну форматына қарамастан бірдей қатысуға мүмкіндік берілді.  Баспа және интернет басылымдары, теледидар мен радио үшін қойылар талап ортақ болды. 

Ұсынылған жұмыстардың барлығын белгілі журналистер мен еліміздің жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ-тың бас редакторларынан тұратын қазылар алқасы бағалады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңгені құрады, 6 жеңімпаз іріктеліп алынды. Олардың ішінде қазақ тіліндегі ең үздік материал үшін 1 орын және орыс тіліндегі ең үздік материал үшін 1 орын тағайындалды, оларға әрқайсына 500 000 теңге жүлде берілді. Дәл осы қағидатпен екінші орын және 350 000 теңге, үшінші орын 250 мың теңге сыйақы табысталды. 1-орынды «BAQ.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Мөлдір Мәулетқұлова мен «QAZAQSTAN» телеарнасының Ақтөбе филиалының өкілі Гүлдана Байгажанова, 2-орынды «QAZAQSTAN» телеарнасының тілшісі Райшан Тоқанова мен «Время» газетінің елордадағы тілшісі Тоғжан Ғани, 3-орынды «Astana Aqshamy» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай мен «DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі Альберт Ахметов иеленді. 

Компания жыл сайын ұйымдастыратын бұл байқау «Қазақтелекомның» атқарған қызметін көрсетумен қатар, технологиялар мен IT саласының соңғы тенденцияларын, инновациялар мен телекоммуникация саласындағы жаңа өнімдер және тағы да басқа өзекті тақырыптар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. 

Олжас Сүлейменов

-->

«Соңғы жылдары байқауға келіп түскен материалдардың басым бөлігі аймақтық БАҚ өкілдерінен екендігі қуантады. Біз халықпен тығыз қызмет ететін компания болғандықтан, өз өнімдеріміз бен қызметтерімізді бұқараға кеңінен таныту бағытындағы жұмыстарды үлкен қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, сонымен қатар аудандар мен ауылдарда тереңірек танытудың маңызды екенін түсінеміз. Биыл байқауға 70-тен астам жұмыс келіп түсті және оның біршама бөлігі аймақтық тілшілерден болды. Екінші байқағаным – мемлекеттік тілдегі материалдардың көптігі, бұл да қуанарлық жағдай. Жалпы, менің ойымша, біздің журналистердің шеберлігі мен кәсібилігі жыл сайын артып келеді, бұл әсіресе электронды журналистика саласында анық байқалады», - деді «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Асхат Өзбеков.

Ұсынылған жұмыстардың барлығын белгілі журналистер мен еліміздің жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ-тың бас редакторларынан тұратын қазылар алқасы бағалады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңгені құрады, 6 жеңімпаз іріктеліп алынды. Олардың ішінде қазақ тіліндегі ең үздік материал үшін 1 орын және орыс тіліндегі ең үздік материал үшін 1 орын тағайындалды, оларға әрқайсына 500 000 теңге жүлде берілді. Дәл осы қағидатпен екінші орын және 350 000 теңге, үшінші орын 250 мың теңге сыйақы табысталды. 1-орынды «BAQ.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Мөлдір Мәулетқұлова мен «QAZAQSTAN» телеарнасының Ақтөбе филиалының өкілі Гүлдана Байгажанова, 2-орынды «QAZAQSTAN» телеарнасының тілшісі Райшан Тоқанова мен «Время» газетінің елордадағы тілшісі Тоғжан Ғани, 3-орынды «Astana Aqshamy» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай мен «DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі Альберт Ахметов иеленді. 

«Өзім көптеген уақыт түрлі БАҚ-та қызмет етіп, журналистік тәжірибем болғандықтан, байқауға жіберілген жұмыстарды зерделеу мен талдау мен үшін өте қызықты болды, ал екінші жағынан, бұл үлкен жауапкершілік. Материалдар көп болды, объективті баға беру үшін оларды бірнеше рет мұқият қарап шығу қажет еді, біз байқау шарттарына сәйкес келмейтін кейбір жұмыстарды алып тастадық, нәтижесінде байқаудың қорытындысы бойынша, бірнеше күндік талдау нәтижесінде мен және әріптестерім шын мәнінде мықты жұмыстарды таңдап алдық және қазылар алқасының әрбір мүшесінің рейтингіне сүйене отырып, ортақ шешіммен жеңімпаздарды анықтадық», - дейді байқау комиссиясының мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ департаментінің PR бөлімінің аға менеджері Асан Ахметжан.