Әртүрлі

Бауыр ауруын туғызатын 7 әдет

Әлемдегі ірі медициналық орталықтардың бірі саналатын АҚШ-тағы Мэйо клиникасының зерттеушілері ағзамыздың басты “сүзгісін” істен шығаратын жеті әдетті атады.

Тізімнің басында алкоголь тұр: спиртті ішімдіктер зорығуға, көп күш салуға мәжбүрлейді, ал бұл кейде фиброзға, кейде циррозға алып келуі мүмкін. Бауырға залал келтіретін тағы бір проблема – әртүрлі аэрозольдерді дұрыс қолданбағаннан тыныс алу арқылы организмге түсетін химиялық заттар. 

Дәрігерлердің айтуынша, сүзгі-органның жұмысын жеңілдетуге физикалық жаттығулар көмектеседі. Бауыр саулығы үшін күніне жарты сағат жаттығу жасап отырған дұрыс. 

Сондай-ақ сарапшылар жеміс пен көкөністің пестицидтері ағзаға түспес үшін оларды жақсылап жууды, жылына бір рет С гепатитіне скринингтен өтуді, тату мен пирсинг жасайтын құралдардың тазалығына мән беруді, сонымен қатар, дұрыс тамақтануды ұмытпау керектігін айтады. Бауыр үшін ең пайдасыз тағамдар тізіміне майлы, қуырылған, тұздалған тамақ жатады.

-->

“Аэрозольді бүріккіштерден абай болыңыздар. Мұндай өнімдерді жақсы желдетілетін бөлмелерде ғана қолданыңыздар. Инсектицид, фунгицид, бояулар және басқа да улы химикаттарды шашқанда бетперде тағып алыңыздар”, – деп ескертеді мамандар.