Нұр-Сұлтанда биыл коронавируспен күреске қанша қаржы бөлінді
Оның ішінде:
- медицина қызметкерлеріне үстемеақылар – 18,79 млрд. теңге;
- медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 18,76 млрд теңге (карантиндік және инфекциялық стационарларға 51,2 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді);
- КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге кеп көрсетілетін медициналық көмекке – 2,3 млн теңге (73 адам емделді);
- ПТР диагностика қызметіне – 4,06 млрд теңге (620 мың ПТР-тест жасалды);
- мобильді бригадалардың шығуына – 1,03 млрд теңге (179,4 мың шақыртуға шықты) бөлінді.
Естеріңізге сала кетсек, коронавирустық инфекциямен немесе орташа, ауыр және аса ауыр деңгейдегі пневмониямен ауырған пациенттер Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өте алады. Азаматтар үйінде емделді ме, әлде ауруханада емделді ме, оған қарамайды. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитолог маманның қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.
Оңалту қажеттілігін бағамдау барысында тыныс алу органдарының қызметі (сатурация деңгейі, КТ/рентгенографиядағы өзгерістер) және күнделікті өмірге қабілеті секілді негізгі көрсеткіштер тексеріледі.
-->«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 11 айында коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 42,6 млрд теңгені құрады», - деді брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.