Әртүрлі

Коммуналдық қызметтерді алуға онлайн өтінімді қалай беруге болады

Бүгінгі таңда «iQala» орталығы ашылғаннан бері коммуналдық салада 211 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қазір елорда тұрғындарының тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының 152 қызмет түрін алу мүмкіндігі бар. Қызметтер орталықтың фронт-офлайн форматында, сондай-ақ www.iqala.kz сайты арқылы онлайн ұсынылады.

IQala қалалық қызметтер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының  10 коммуналдық қызметтің 152 түрін біріктіреді. Егер бұрын жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін коммуналдық қызметтермен шарттарды ресімдеу процесі бір ай уақытты алса, онда iQala порталы арқылы өтінімдер жарты сағат бұрын беріледі.

Елордада ТКШ саласын цифрландырудың арқасында тұрғындар шарт жасасу немесе басқа да коммуналдық қызметтерді алу үшін әрбір сервиске барудың қажеті жоқ. Жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін келісімшарттарды ресімдеуге өтінімді үйден шықпай-ақ www.iqala.kz порталында беруге болады.  

Орталық супервайзері Қуаныш Байзақовтың айтуынша, онлайн өтінім беру тұтынушылардың уақытын айтарлықтай қысқартады. Мысалы, пәтер сатып алғаннан кейін ТКШ қызметтерімен келісім-шарт жасасу процестері жеңілдетіліп, жеделдетілді. Бүгінде өтінімдерді онлайн рәсімдеу танымалдылығының артқаны байқалады. Мәселен, 2021 жылы сұраныстардың 25%-ы портал арқылы берілді, бұл ондағы жұмыстың ыңғайлылығын көрсетеді. Сонымен қатар, портал арқылы өтінімді тәулік бойы және аптаның кез келген күнінде беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық қызмет көрсету орталығы 2019 жылы «Астана – адалдық алаңы» жобасы бойынша құрылған болатын. IQala құру бастамасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тиесілі. Орталықтың қызметін «Astana» ӘКК АҚ жүзеге асырады.

-->