Еліміздегі балабақшалардың 80%-ы сапаға сай емес - БҒМ
Сондай-ақ, комитет басшысы 81 мектепке дейінгі ұйымның 77-сінде мемлекеттік аттестаттау жүргізілгенін мәлімдеді. Алайда олардың 78%-ы аттестаттаудан өтпеген. Аттеттатталмаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары көп саны Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Осы орайда, білім министрі Асхат Аймағамбетов сапаға назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, ол тексеріс нәтижелерінің қағазбастылыққа әкелмеуі тиіс екенін екенін ескертті.
-->
"Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестациялау процедурасы жүргізілмеді. (...). Қазір мемлекеттік аттестаттау ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, білім сапасы, материалдық-техникалық базаның, кадрлардың және басқа да аспектілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау арқылы жүргізіледі. Бұрынғы мемлекеттік аттестаттаудың барлық теріс аспектісі ескеріліп, нақты өлшемдер бекітілді. Тексерушілерге нақтыланған нұсқаулық әзірленді. Оларға нақты талап қойылып, сарапшылардың кім екені жасырылады. Кейін қорытындысына сәйкес, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді", – деп түсіндірді Гүлзат Көбенова.
Сондай-ақ, комитет басшысы 81 мектепке дейінгі ұйымның 77-сінде мемлекеттік аттестаттау жүргізілгенін мәлімдеді. Алайда олардың 78%-ы аттестаттаудан өтпеген. Аттеттатталмаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары көп саны Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
"Стандарттық талаптардың бұзылғанын көріп отырмыз. Соның ішінде – бағдарламаларды игеру кезінде жас ерекшелігінің ескерілмеуі, оқу сабақтарының ұзақтығының сақталмауы, материалдық-техникалық базаның төмен болуы мен әдістемелік жабдықталудың сәйкессіздігі, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалмауы", – деп қосты Гүлзат Көбенова.
Осы орайда, білім министрі Асхат Аймағамбетов сапаға назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, ол тексеріс нәтижелерінің қағазбастылыққа әкелмеуі тиіс екенін екенін ескертті.
"Мемлекеттік аттестаттаудан өтпек болған балабақшалардың 80%-ға жуығы аттестаттау рәсімінен өте алмады. Бұл сапа бойынша сұрақ бар дегенді білдіреді. Осы уақытқа дейін балабақша деңгейінде мемлекеттік бақылау механизмі болмаған. Оның үстіне балабақшалар лицензия алмайды, лицензиясыз жұмыс істейді. Бұл шешім кезінде балабақшалар санын ұлғайту үшін қабылданған болатын. Қазіргі уақытта 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 99% қамтып отырмыз. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бірақ бізге, әрине, керегі – сапа. Ата-аналар тарапынан біраз сұрақтың туындап жүргенін жақсы білеміз. Сондықтан мемлекеттік бақылаудың болуы өте маңызды. Осыған орай заңнамаға тиісті өзгертулер енгізіліп, біз бірінші рет балабақшалардың аттестациясын өткіздік. 80%-ға жуығы өтпеді дегенге қарап үлкен сұрақ туындайды", – деді Асхат Аймағамбетов.