Әртүрлі

Теріс ағымдарға тойтарыс беруде дәстүрлі дін өкілдері белсенділік танытқаны жөн – Расул Жұмалы

Саясаттанушының сөзінше, кірме идеологияны, радикалды ұстанымды дәріптеуші топтарға келгенде әттегенайлар мен тәуекелдер әлі де жеткілікті.

-->

«Қазір кәдімгі иделогиялық майдан жүріп жатқанда рухани азыққа зәру қоғам келімсектердің жетегінде кетіп қалмауы үшін дін саласының мамандары кең ауқымда, баспасөзді, теледидарды, заманауи басқа да тетіктерді ұтымды пайдалана отырып, үлес қосса», – деді Р. Жұмалы.

Саясаттанушының сөзінше, кірме идеологияны, радикалды ұстанымды дәріптеуші топтарға келгенде әттегенайлар мен тәуекелдер әлі де жеткілікті.

«Әсіресе дағдарыстан күйзелген, руханияты әлсіреген ортаны өз дегеніне қаратып қатерлі жолға айдап салу жағы әлі айтарлықтай қиындық тудыратынын ескерсе. Рас, алдыңғы ретте бұл мемлекеттік орындардың жауапкершілігі болып табылады. Отбасындағы тәрбие мен зиялы қауымның ұлағыты да өзіндік маңызға ие. Бұл бағытта ешнәрсе жасалып жатқан жоқ дегеннен аулақпын. Бірақ баспасөзде, әлеуметтік желілерде, өз басым қатысқан шараларда ықтимал қауіптерден сақтандыру, адасқандарды дұрыс жолға қайтару, Ханафи мазхабының тағлымын жеткізу тұрғысында мүфтият өкілдерінің тұщымды насихатын жие көремін деп қайта айта алмаймын. Шалғай жатқан елді мекендерде аталған жайт кей кездері тіпті алаңдатады. Дәстүрлі молдалар бара бермейтін колониялардың бірқатары салафизм мен уаххабизмнің таралу ошақтарына айналып жатқаны тағы бар», – деді ол.