Елімізде газ өндіретін үш зауыт салынады
Министрдің мәліметінше, сұйытылған газ өндіру көлемін арттыру үшін үш жоба іске асады.
Жобалар уақытында іске асса, 2025 жылға қарай сұйытылған газ өндірісінің көлемі 300 мың тоннаға артып, 3,5 млн тоннаға жетеді. Инвестиция көлемі 530 млрд теңге болады деген жоспар бар.
-->Министрдің мәліметінше, сұйытылған газ өндіру көлемін арттыру үшін үш жоба іске асады.
«Біріншісі, Ақтаудағы төмен қуатты газ өңдеу зауыты. Оның қуаты жылына 60 мың тоннаны, ал инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге болады. Жобаны биыл аяқтау жоспарланған. Екіншісі, Жаңаөзенде жұмыс істеп тұрған Қазақ газ өңдеу зауытының орнына жаңа газ өңдеу зауытын салу. Оның қуаты 900 млн текше метр болмақ. Жобаның құны – 147 млрд теңге. Құрылыс 2023 жылы аяқталады. Үшіншісі, биыл Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Жобаның құны – 380,8 млрд теңге. Оның да құрылысы 2023 жылы аяқталады», – деді Мағзұм Мырзағалиев.
Жобалар уақытында іске асса, 2025 жылға қарай сұйытылған газ өндірісінің көлемі 300 мың тоннаға артып, 3,5 млн тоннаға жетеді. Инвестиция көлемі 530 млрд теңге болады деген жоспар бар.