Әртүрлі

Қазақстанда газға ауысқан көліктердің саны артқан

Мағзұм Мырзағалиев осы жылдың қаңтар-қазан айларында сұйытылған мұнай газын өндіру 2,6 млн тоннаны немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 100,3%-ды құрағанын хабарлады. Жыл қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру 3,2 млн тонна деңгейінде күтілуде.

-->

«Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын негізгі тұтынудың 60%-дан астамы автокөлікке тиесілі. 2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2021 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 310 мыңнан астам бірлікке жетті», – деді ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.