Бас прокуратура сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицейді жазалады
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.
Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.
Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.
Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4 126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.
Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.
-->Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.
"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.