Қар күреуге елордалық еріктілер де жұмылды
Елорданың қарапайым тұрғындары да қол қусырып қарап отырмай, қар күреуге қосылып жатыр. Бүгін «Нұрсая» тұрғын үй кешендерін қақ жара өтетін бульвар бойын бір топ ерікті азамат қардан аршып, көз қуантты. Сондай волонтерлердің ішінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та бар.
-->Елорданың қарапайым тұрғындары да қол қусырып қарап отырмай, қар күреуге қосылып жатыр. Бүгін «Нұрсая» тұрғын үй кешендерін қақ жара өтетін бульвар бойын бір топ ерікті азамат қардан аршып, көз қуантты. Сондай волонтерлердің ішінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та бар.
«Қарға әуре емес, ырыс деп қарауымыз керек. Қар көп болса, жазда қуаңшылық болмайды. Елордалықтарды бір болып, қалаға шығып, аула ішіндегі, тым болмаса көліктерінің айналасындағы қарды тазартуға шақырамын. Бұл, біріншіден, жаттығу ретінде бойымызды қыздырса, екіншіден, сейілдеп қаламыз, үшіншіден, қар күреп жүріп өзге адамдармен де әңгіме-құрып, серпіліп қалуға болады», – дейді депутат.