Әртүрлі

«Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта ашады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер орындауды бастайды.

-->

«Рейстер А320 үлгісіндегі әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз», – делінген министрлікті Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.