Серік және Руслан есімді жүргізушілер жол апатына жиі түседі – статистика
Олардың үлесіне сәйкесінше жалпы жол апаттарының 2,1%, 1,8%, 1,7% тиеселі.
Сонымен қатар “қауіпті есімдер ондығына” Санжар (1,7%), Сұлтан (1,7%), Әлихан (1,67%), Данияр (1,65%), Александр (1,62%), Берік (1,62%) және Абай (1,62%) кіреді.
Ал әйелдер арасында Диана (1,54%), Амина (1,31%), Аружан, Сабина, Iнжу, София (1,125%) есімділер жол апатына жиі түседі екен. Сақтандыру компаниясы мұны жол апатынан кейін төлем рәсімдеген полис иелерінің статистикасы негізінде анықтаған.
Компанияның мәліметінше, жол апатына 24-33 жас аралығындағы ер және әйел адамдар жиі түсетінін де хабарлап отыр. Жол апаттарының басым бөлігіне 5 жылға дейінгі адамдар кінәлі екен.
Айта кетейік, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында 3 677 жол апаты болып, 5 431 адам зардап шеккен. Оның 3566-на немесе 96% жүргізушілер кінәлі, оның 109-ы – алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырғандар. Жол апатының басым бөлігі Алматы қаласында, салдарынан болған адам өлімінің көпшілігі Алматы облысында болған.
-->Олардың үлесіне сәйкесінше жалпы жол апаттарының 2,1%, 1,8%, 1,7% тиеселі.