Қазақстандағы қоқыс полигондарының 17%-ы ғана экологиялық нормаларға сай
Осы жылдың қазан, қараша айларында Ақтау, Өскемен, Семей, Атырау, Түркістан және өзге де өңірлерде жанған полигондар бірнеше күн түтіндеген; санкцияланбаған қоқыс орындарында өрт қайталанған. Тұрғындардың түсірген шағымдарына сүйенсек, сол күндері терезе ашу тіпті мүмкін болмаған, ал ең қауіптісі, денсаулық жағдайларының нашарлауы. Жану – бұл жылу мен газдар бөлетін химиялық реакция. Қоқыс құрамы әртүрлі болғандықтан, бөлінетін токсиндердің де көлемі нормадан бірнеше есеге асады.
Мәселені ушықтыратыны – Тәуелсіздік жылдарын қосқанда ел тарихында нақты қандай көлемде қоқыс жиналғаны туралы ақпарат мүлде жоқ. Тек ресми деректерге сәйкес санкцияланбаған қоқыс орындарының саны 8,5 мыңға жетіп отыр. Сонымен қатар қоқыстың құрамындағы зиянды және улы компоненттердің құрамы және морфологиясы да белгісіз. Парниктік газдардың, зиянды заттардың ауаға тарап, жерге сіңіп, жерасты суларын зақымдауын өлшейтін заманауи құрылғылардың шектеулілігі де жағдайды анықтауға кедергі келтіруде. Токсинді, улы заттардың деңгейін анықтайтын жүйелі зерттеулердің жоқтығы, олардың адам ағзасы мен денсаулығына әсері де – көкейкесті мәселе.
Дамыған елдердің жолымен қалдықтарды меңгеру бойынша толыққанды жүйені жолға қойып, циклді экономикаға көшіп, ең мықты, әлемдік қауіпсіз тәжірибелерді енгізуіміз керек.
Өз кезегінде қауымдастық бұл ұсыныстарға ақпараттық, құқықтық қолдау көрсетуге, ҚР заңнамасына өзекті өзгерістер енгізу бойынша көмек ретінде өзінің ақпараттық алаңдарын ұсынуға дайын екендігін жеткізеді.
-->Осы жылдың қазан, қараша айларында Ақтау, Өскемен, Семей, Атырау, Түркістан және өзге де өңірлерде жанған полигондар бірнеше күн түтіндеген; санкцияланбаған қоқыс орындарында өрт қайталанған. Тұрғындардың түсірген шағымдарына сүйенсек, сол күндері терезе ашу тіпті мүмкін болмаған, ал ең қауіптісі, денсаулық жағдайларының нашарлауы. Жану – бұл жылу мен газдар бөлетін химиялық реакция. Қоқыс құрамы әртүрлі болғандықтан, бөлінетін токсиндердің де көлемі нормадан бірнеше есеге асады.
Мәселені ушықтыратыны – Тәуелсіздік жылдарын қосқанда ел тарихында нақты қандай көлемде қоқыс жиналғаны туралы ақпарат мүлде жоқ. Тек ресми деректерге сәйкес санкцияланбаған қоқыс орындарының саны 8,5 мыңға жетіп отыр. Сонымен қатар қоқыстың құрамындағы зиянды және улы компоненттердің құрамы және морфологиясы да белгісіз. Парниктік газдардың, зиянды заттардың ауаға тарап, жерге сіңіп, жерасты суларын зақымдауын өлшейтін заманауи құрылғылардың шектеулілігі де жағдайды анықтауға кедергі келтіруде. Токсинді, улы заттардың деңгейін анықтайтын жүйелі зерттеулердің жоқтығы, олардың адам ағзасы мен денсаулығына әсері де – көкейкесті мәселе.
Дамыған елдердің жолымен қалдықтарды меңгеру бойынша толыққанды жүйені жолға қойып, циклді экономикаға көшіп, ең мықты, әлемдік қауіпсіз тәжірибелерді енгізуіміз керек.
“Жұртшылыққа, үкіметтік емес ұйымдарға, экология белсенділеріне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, ҚР Үкіметіне, Парламенттің Мәжіліс және Сенат депутаттарына Қазақстан Республикасы заңнамасындағы нормаларды қатайту мүмкіндігін талқылауды ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ: санкцияланбаған, стихиялы қоқыс орындарын ұйымдастырғаны үшін жазалау және қоқыс полигондарында өртке жол беру, оларды жасыруға тырысу сияқты әрекеттер үшін жауапкершілікті қатайту қажет” – деп мәлімдейді Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы.