Әртүрлі

Қайын атасының атынан несие алған азамат ұсталды

65 жастағы зейнеткерді бірнеше банктің қызметкері мазалай бастаған. Барлығы бірдей қарыздың қайтарылмай жатқанын айтқан. Бас кезінде ер адам сенбеген. Одан кейін банктерге барып, шынымен де жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асатын несиесі бар екенін білген. Бірақ өзі ақшаны қарызға алмаған. Зейнеткер полицияға арыз жазған.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі ("алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Оған сәйкес, адамның мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

-->

"Тергеу кезінде 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол зардап шеккен зейнеткердің күйеу баласы болып шықты. Алаяқ қайын атасының сеніміне әбден кіріп алған. Былтырдан бері түрлі банк пен қаржы ұйымдарында зейнеткердің атынан несиелер рәсімдеген. Қарыздың сомасы да әртүрлі. 55 мың теңгеден бастап, 2 миллионға дейін барады. Ал несиелердің жалпы сомасы 4 499 542 теңге", – дейді полицейлер.