Әртүрлі

Әлемдегі барлық Tesla көліктері бұғатталып қалды

Tesla автомобильдерінің иелері белгісіз бір ақаудың кесірінен көлікті бұғаттан шығара алмай қалған. Олар смартфондағы қосымша арқылы цифрлық кілттің көмегімен ашпақшы болған. Сөйтсе ақау Tesla тарапынан кеткен болып шыққан.

20 қараша күні Tesla басшысы Илон Маск өзінің Туиттерінде автомобиль иелерінің бірі жазған шағымға жауап берді. “Біз аңдаусызда желілік трафиктің детализация деңгейін арттып жіберген сияқтымыз” деген Маск инженерлердің бұл ақауды дұрыстайтынына уәде берді. Айта кетейік, Tesla-дағы аталмыш ақау бүкіл әлем бойынша болған. 

Басылымның жазуынша, электрокар смартфондағы қосымша арқылы ашылмаған жағдайда, оны кәдімгі кілттің көмегімен ашуға болады. Сондықтан автокөлік иелері кілтті үнемі өздерімен алып жүргені дұрыс. 

-->