Әртүрлі

Өңірлерге көмір жеткізу көлемі 487 мың тоннаға ұлғайтылады

Жауапты ведомствоның деректеріне сәйкес биыл қаңтар-қазан аралығында елімізде 88 млн тоннаға жуық көмір өндірілген. Бұл былтырғы деңгейден 100,2% жоғары.

Қараша айында өңірлерге көмір жеткізу көлемі 487 мың тоннаға ұлғайтылмақ. Халық арасында үлкен сұранысқа ие Шұбаркөл көмірінің 240 вагоны өңірлерге күн сайын қосымша жөнелтіледі. Министрлік өкілдерінің айтуынша, көмір кәсіпорындары қатты отынның қажетті көлемін өндіруге, ал теміржолшылар көмірді уақтылы жеткізуге жауапты.

Жергілікті атқарушы органдар тұтыну көлемін нақты жоспарлауға, көмір сатып алуды уақытында жүргізуге, сондай-ақ оның өңірдегі және барлық қорын бақылауда ұстауы тиіс. Баға мониторингін жүргізу және қатты отын құнын көтеру жағдайларын анықтау – құзыретті уәкілетті органдардың міндеті.

Жиын соңында тиісті ведомство көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығымен меморандумға қол қойды.

Ресми статистикаға сәйкес кеніштерден көмірді жіберу бағасы Қарағанды облысында тоннасына – 7 093 теңге, Павлодар облысында – 3 375 теңге, сондай-ақ тұтастай елімізде – 5 600 теңге.

-->

«Энергия өндіруші кәсіпорындарға шамамен 48 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 7,6 млн тоннадан астам көмір тиелді. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ өңірлерге көмірді жеткізу жоспары басым негізде орындалатынын және көмір кеніштерінен түсетін өтінімдер ұлғайса, қажеттілікті ашық вагондармен қамтамасыз етуге өзінің дайын екенін растады», - делінген министрліктің ақпаратында.