Қазақстанда қай елдердің вакцинация паспорты жарамды
ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қолы қойылған құжат Бас санитар дәрігердің осыған дейінгі №48 қаулысына қосымша ретінде берілген.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.
-->ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қолы қойылған құжат Бас санитар дәрігердің осыған дейінгі №48 қаулысына қосымша ретінде берілген.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгісі бойынша Аргентинада, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғызстанда, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Арменияда, Беларусьта, Молдовада, Перуде, Сан-Маринода, Сербияда, Тунисте, Үндістанда, Филиппинде, Таиландта, Түркияда және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», – деп жазылған құжатта.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.