23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады
Компания өкілдерінің мәліметінше, қазір ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.
-->"2021 жылдың 15 қарашасынан бастап төрт жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде: Нұр-Сұлтан - Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент, Щучинск - Көкшетау жолдарында ақы алу жүйесі жұмыс істейді. Осы аталған учаскелер бойынша ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және биылғы 23 қарашада күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынады", – делінген хабарламада.
Компания өкілдерінің мәліметінше, қазір ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.